Қазақстан құрамасы 2 күннің ішінде 10 алтын, 10 күміс, 7 қола медаль жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан құрамасы 2 күннің  ішінде 10 алтын, 10 күміс, 7 қола медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы 2 күннің ішінде 10 алтын, 10 күміс, 7 қола медаль жеңіп алды

Бүгін Астана мен Алматы қалаларында өтіп жатқан 7-Қысқы Азия ойындарында спорттың 4 түрі бойынша 11 медальдар жиынтығы сарапқа салынды. Қазір 10 алтын, 10 күміс, 7 қола жүлдемен Қазақстан құрамасы бейресми жалпыкомангдалық көш бастап келеді.

  • 1 Ақпан 2011
  • 651
Фото - Caravan.kz


Екінші орында қытай құрамасы тұр: олардың еншісінде 5 алтын, 5 күміс, 4 қола медаь бар. Үшінші орында 5 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен Оңтүстік Корея құрамасы келеді. Төртінші орында тұрған Жапония құрамасында 3 алтын, 5 күміс, 7 қола медаль бар. Ал жарысқа қатысып жатқан өзге 23 елдің ішінде әзірге Иран мен Моңғолия құрамаларының қоржынында бір-бірден ғана қола жүлде түсіп отыр. Жалпы алғашқы 2 күннің ішінде 25 медальдар топтамасы ғана өз иесін тапты. Енді сәрсенбіде — 9, бейсенбіде -6, жұмада — 10, ал сенбіде ақырғы медальдардың жиынтығ сарапқа салынатын болады.