Батыс Қазақстанда Азиада құрметіне жарыс ұйымдастырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+3 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстанда Азиада құрметіне жарыс ұйымдастырылды

Батыс Қазақстанда Азиада құрметіне жарыс ұйымдастырылды

БҚО-ның Теректі ауданы орталығы Федоров ауылында қысқы Азиада құрметіне жасөспірімдер арасында қысқы спорттық ойындар ұйымдастырылды.

  • 2 Ақпан 2011
  • 552
Фото - Caravan.kz


Аудандық әкімдік ғимаратының алдына жиналған қырық шақты жасөспірім Жеңіс алаңына дейін жүгіріп өтіп, спорт алаңында ұйымдастырылған шараларға қатысты.

Шаңғы эстафетасы бойынша №1 Федоров орта мектебінің командасы І орынды иеленді. Қар үстіндегі футбол бойынша да осы мектеп командасы жеңіске жетті. Сондай-ақ жекелеген мектеп оқушылары арасында көңілді старт ойындары ұйымдастырылып, шара соңында жеңімпаздар марпатталды. VII қысқы Азия ойындарына арналып өткізілген шарада спортшылардың салтанатты шарадағы киім үлгілері мерекенің шырайын келтіре түсті.