Шаңғы жарысынан 5 шақырымдық жекелей сында жапониялық Ишида Масако топ жарды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шаңғы жарысынан 5 шақырымдық жекелей сында жапониялық Ишида Масако топ жарды

Шаңғы жарысынан 5 шақырымдық жекелей сында жапониялық Ишида Масако топ жарды

7-Қысқы Азия ойындары аясында Алматыдағы Шаңғы-биатлон стадионында әйелдер арасында 5 шақырымға жарысудан жекелей сын өтті

  • 3 Ақпан 2011
  • 620
Фото - Caravan.kz


Аталмыш қашықтықты 16 минут 10,3 секундта жүгіріп өткен жапониялық шаңғышы Ишида Масако (Ishida Masako) Ақ Азиаданың чемпионы атанды. Күміс жүлдені тағы бір жапондық спортшы Нацуми Мадока (Natsumi Madoka) иеленді. Қола медальді қытайлық Ли Хонгсю (Hongxue Li) еншіледі. Бұл жарыста қазақстандық шаңғышылар жүлделі орындардан көріне алмады. Қазақстан намысын қорғаған Елена Коломина бесінші орынды, ал Светлана Малахова-Шишкина алтыншы орынды місе тұтты.

Айта кетейік, Елена Коломина мен Светлана Малахова-Шишкина кеше өткен шаңғы жарысынан әйелдер арасындағы 10 шақырымдық жекелей сында да шаң қауып қалған болатын. Ол жарыста Елена Коломина мен Светлана Малахова-Шишкина тиісінше 5-орынға және 6-орынға тұрақтады. Коломина чемпионға 1 минут 41,6 секунд, ал Малахова-Шишкина 1 минут 55,9 секунд ұтылып қалған-ды. Бұл қашықтыққа жарысуда оңтүстіккореялық Чай Вон (Lee Chae Won) топ жарып, алтыннан алқа тағынды. Ал жапондық шаңғышы қыз Ишида Масако (Ishida Masako) күміс жүлдегер атанды. Қола жүлде тағы бір жапондық спортшы Кобаяси Юкиге (Kobayashi Yuki) бұйырған болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера