Шаңғымен 10 шақырымға жарысудан Н. Чеботько күміс, А. Полторанин қола жүлдегер атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шаңғымен 10 шақырымға жарысудан  Н. Чеботько күміс, А. Полторанин қола жүлдегер атанды

Шаңғымен 10 шақырымға жарысудан Н. Чеботько күміс, А. Полторанин қола жүлдегер атанды

Жапониялық шаңғышы Йошида Кейшин ерлер арасында 10 шақырымға жарысудан жекелей сын жарысында чемпион атанды.

  • 3 Ақпан 2011
  • 562
Фото - Caravan.kz


Ол аталмыш қашықтықты 29 минут 39,2 секундта жүгіріп өтті. Бұл жарыста алтыннан басты үміткерлер болған жерлестеріміз Николай Чеботько мен Алексей Полторанин үмітті ақтай алмады. Николай Чеботько күміс жүлдегер, ал Алексей Полторанин қола жүлдегер атанды. Бұлардың уақыт көрсеткіштері тиісінше 30 минут 22,7 секунд және 30 минут 29,0 секунд.

Айта кетейік, кеше өткен шаңғы жарысынан ерлер арасындағы 15 шақырымдық жекелей сында да Йошида Кейшин чемпион атанған болатын. Отандасынан 27 секундқа қалып қойған Нарусе Нобу күміс жүлдені иеленді. Бұл сында Николай Чеботько 51 минут 30,1 уақыт көрсеткішімен қола жүлдені қанжығасына байлаған болатын. Тағы бір жерлесіміз Сергей Черепанов төртінші орынді місе тұтқан-ды.

 

 

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера