Могулшы Дмитрий Бармашов Қазақстан қоржынына Ақ Азиаданың 15-алтын жүлдесін салды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Могулшы Дмитрий Бармашов Қазақстан қоржынына Ақ Азиаданың 15-алтын жүлдесін салды

Могулшы Дмитрий Бармашов Қазақстан қоржынына Ақ Азиаданың 15-алтын жүлдесін салды

Бүгін Алматыдағы "Табаған" спорттық-сауықтыру кешенінде өткен ерлер арасындағы параллельді могул жаттығуында жерлесіміз Дмитрий Бармашов жеңімпаз атанып, Қазақстан қоржынына Ақ Азиаданың 15-алтын жүлдесін салды.

  • 3 Ақпан 2011
  • 447
Фото - Caravan.kz


Дмитрий Бармашов финалда жапондық спортшы Уено Осамуды (Ueno Osamu) 20:15 есебімен жеңді. Қола жүлде тағы бір жапондық спортшы Цукито Югоға (Tsukito Yugo) бұйырды. Ол үшінші орын үшін болған текетірес сайыста оңтүстіккореялық Чои Джае Воннан (Choi Jae-Woo) 18:17 есібемен басым түсті.

Айта кетейік, осы Чои Джае Вон ширек финалда жарыстың басты фавориты саналған қазақстандық Дмитрий Рейхардты 18:17 есебімен жеңіп, жолын кескен еді. Есесіне оңтүстіккореялық спортшыдан командаласының кеткен есесін жартылай финалда Бармашов қайтарды. Ол финалға шығар кезеңде Чои Джае Вонды 18:17 есебімен ұтты.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера