Солдат шатқалындағы қар еріп жатқандықтан, биатлоннан өтетін жарыс ертеңге ауыстырылуы ықтимал - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солдат шатқалындағы қар еріп жатқандықтан, биатлоннан өтетін жарыс ертеңге ауыстырылуы ықтимал

Солдат шатқалындағы қар еріп жатқандықтан, биатлоннан өтетін жарыс ертеңге ауыстырылуы ықтимал

Жауған жаңбырдың салдарынан қардың еріп жатқандығына байланысты, Алматы облысының Солдат шатқалындағы шаңғы-биатлон биатлон стадионында өтуі тиіс әйелдер арасындағы 15 шақырымдық жекелей сын жарысы ертеңге ауыстырылуы ықтимал.

  • 3 Ақпан 2011
  • 532
Фото - Caravan.kz

Айта кетейік, 7-Қысқы Азия ойындарының бағдарламасына сәйкес, бүгін сағат 10:00-де ертең өтетін биатлоннан ерлер арасындағы 20 шақырымдық жекелей сын жарысының жаттығуы басталуы тиіс болатын. Алайда қардың еріп кетуіне байланысты жаттығулар әлі басталған жоқ. Жарыс жолына жауапты мамандардың айтуынша, жасанды қарды тым болмағанда ауа-температурасы минус үш градусты көрсетіп тұрса жасауға болады, ал қазір ауаның температурасы 6 градус жылылықты көрсетіп тұр. Қазіргі кезде еріктілердің көмегімен қар тасылып, жолдарға төселуде.

Осы жағдайға байланысты сағат 13:00 де басталуы тиіс әйелдер арасындағы 15 шақырымдық жекелей сын жарысының мәселесі талқылануда. Айта кетейік, бұл жарыста мамандар жерлестеріміз Марина Лебедева мен Елена Хрусталеваны алтыннан басты үміткерлердің қатарына жатқызып отыр. Қазақстандықтардың негізгі қарсыластары жапондық Судзуки Фуюко (Suzuki Fyoko) мен Ақ Азиаданың 7,5 шақырымдық спринт жарысында чемпион атанған Ван Чунли (Wang Chunli).

Ұйымдастырушылардың айтуынша жарыс жолының бір бөлігіне қар төселінсе қашықтық кеміп, айналымдар азаяды, жарыстар жалғасын табады. Егер бұл мәселе шешімін таппаса, жарыстар келесі күнге жылжытылады.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера