Шайбалы хоккейден Қырғызстан құрамасы премьер-дивизионында бірінші орында келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+1 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шайбалы хоккейден Қырғызстан құрамасы премьер-дивизионында бірінші орында келеді

Шайбалы хоккейден Қырғызстан құрамасы премьер-дивизионында бірінші орында келеді

Астанадағы «Барыс» спорт кешенінде 7-Қысқы Азия ойындары аясында өтіп жатқан шайбалы хоккейден премьер-дивизион жарыстарының жеңімпаздары анықталып келеді.

  • 3 Ақпан 2011
  • 401
Фото - Caravan.kz

Бүгінгі таңда бірде-бір рет жеңілмеген Қырғызстанның құрамасы бірінші орында келеді. Бұған дейін ол Тайланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Моңғолия мен Малайзияны жеңіп, кеше ғана Бахрейн командасымен болған кездесуде 15:10 есебімен басым түсті. Спорт сарапшыларының айтуынша, келесі Куейт хоккейшілерімен болатын ойында қырғызстандықтар жеңілсе де, айналымдағы үздік нәтижелерінің арқасында бірінші орынға ие болмақ. Бірақ осы уақытқа дейін куейттіктер бірде-бір рет жеңіске жеткен жоқ. Сондықтан Қырғызстан құрамасы бұл ойында да жеңімпаз атануы әбден мүмкін.

Премьер-дивизионда 2-3-орындар үшін Тайланд, Малайзия, Моңғолия және Біріккен Араб Әмірліктері таласады.