Азияда: Жауын салдарынан Солдат шатқалындағы қар еріп, ойындар уақыты кешігуде - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азияда: Жауын салдарынан Солдат шатқалындағы қар еріп, ойындар уақыты кешігуде

Азияда: Жауын салдарынан Солдат шатқалындағы қар еріп, ойындар уақыты кешігуде

Алматы облысының Солдат шатқалындағы шаңғы және биатлон стадионында өтуі тиіс ойындар жауын салдарынан кешігуде.

  • 3 Ақпан 2011
  • 504
Фото - Caravan.kz

Таңертеңгі сағат 10.00-де ерлер арасында ертең болатын 20 км-ге жеке жүгіру жарыстарының жаттығуы басталуы керек болатын. Алайда қардың еріп кетуіне байланысты жаттығулар әлі басталған жоқ. Жарыс жолына жауапты мамандардың айтуынша, жасанды қарды тым болмаса, үш градус аязда жасауға болады, ал қазір далада 6 градус жылылықты көрсетіп тұр. Қазіргі кезде еріктілердің көмегімен қар тасылып, жолдарға төселуде. Бұған байланысты түсте басталатын әйелдер арасындағы биатлон сайыстарының мәселесі талқылануда.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін 13.30-да әйелдер арасында 15 шақырымдық қашықтыққа жарыс басталуы керек. Жүлдеге негізгі үміткерлер — қазақстандық биатлоншылар Марина Лебедева мен Елена Хрусталева, жапондық спортшы Судзуки Фуюко (Suzuki Fyoko) мен осы Азиаданың биатлондық спринттегі чемпионы Ван Чунли (Wang Chunli).

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс жолының бір бөлігіне қар төселінсе қашықтық кеміп, айналымдар азаяды, жарыстар жалғасын табады. «Егер 12.00-ге дейін бұл мәселе шешімін таппаса, жарыстар келесі күнге жылжытылады, — дейді ұйымдастырушылар.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера