Ауа-райына байланысты биатлон жарыстары кейінге қалдырылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауа-райына байланысты биатлон жарыстары кейінге қалдырылуы мүмкін

Ауа-райына байланысты биатлон жарыстары кейінге қалдырылуы мүмкін

Алматы облысының Солдат шатқалындағы биатлон сайыстарын ұйымдастырушылар трассалардың жарысқа жарамсыз болып қалғанын мәлім етті. Бұл туралы бейсенбі күні Азиада ұйымдастыру комитетінің ресми сайты хабарлады.

  • 3 Ақпан 2011
  • 491
Фото - Caravan.kz

«Трасса дайын емес, қар еріп кетті, ал жасанды мұз төсейтін мүмкіндік жоқ», — делінген хабарламада.

Соған байланысты ерлердің жаттығулары кейінге қалдырылды. Жаттығулар бүгін таңғы сағат 10-да басталуы тиіс болатын.
«Трассаға жауап беретін мамандардың айтуынша, жасанды қар жасау үшін ауа температурасы кем дегенде -3 градус суық болуы керек, ал қазір бізде күн +6 градусқа дейін жылынды», — деп атап көрсетілген ақпарда.
Қазір, волонтерлер қары мол жерден қар тасып жатыр, «бүгінгі әйелдер арасындағы жарыс мәселесі шешіліп жатыр».

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера