Ұйымдастырушылар соқыр тұманға қарамастан, жарысты бастауға рұқсат берген болатын. Алайда қалың тұман биатлоншы қыздарға нысана көздеуге кедергі келтіргендіктен, жарысты тоқтату туралы шешім қабылданды. Әзірге жарыстың қай күнге ауыстырылғаны белгісіз.
Айта кетейік, әйелдер арасындағы 15 шақырымдық жекелей сынға Қазақстан, Қытай, Корея, Жапония мемлекеттерінің әрқайсынан екі-екіден сегіз биатлоншы қатысады. Бұл сында Қазақстан намысын Марина Лебедева мен Елена Хрусталева қорғайды.