АЗИАДА: Мәнерлеп сырғанаудан қытайлық спортшылар үздік өнер көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АЗИАДА: Мәнерлеп сырғанаудан  қытайлық спортшылар үздік өнер көрсетті

АЗИАДА: Мәнерлеп сырғанаудан қытайлық спортшылар үздік өнер көрсетті

Бүгін Қысқы Азия ойындарының аясында Астанадағы республикалық велотректе өткен спорттың мәнерлеп сырғанау түрі бойынша жұппен қысқа бағдарлама жарысында қытайлық спортшылар үздік өнер көрсетті.

  • 4 Ақпан 2011
  • 515
Фото - Caravan.kz

Алғашқы күннің жарыс нәтижесі бойынша 68,36 ұпай жинаған қытайлық жұп Пан Син мен Тон Цзянь бірінші орынға орналасса, олардың отандастары Суй Вэнцзин мен Хань Цун 59,22 ұпаймен екінші орында тұр.

Алғашқы үштікті 53,60 ұпаймен Солтүстік Корея спортшылары Ли Джи Хан мен Тэ Вон Хок тұйықтады.

Қазақстандық жұп — Лидия Вовленко мен Владимир Руди жарақат салдарынан жарыс алаңына шыққан жоқ.


Айта кетейік, 5 ақпан күні аталмыш жұптардың жарысы жалғасып, олар еркін бағдарламада өнер көрсететін болады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера