Астанадағы конькимен жүгіру жабық стадионында өткен жарыста Ван Фэй аталмыш қашықтықты 1 минут 58,37 сеундта жүгіріп өтті. Бұл оның өзі осыдан үш жыл бұрын орнатқан рекордтан 1,5 секундтай жақсы көрсеткіш. Атап өтерлігі, күміс жүлдені иеленген оңтүстіккоерялық Но Сынён да (Noh Seonyeong) Азияның алдыңғы рекордынан жылдам жүгіре алды, алайда ол чемпионнан 0,9 секундқа ұтылып қалды. Қола жүлдені жапониялық Кодаира Нао (Kodaira Nao) жеңіп алды. Ол жеңімпаздан 2,7 секунд қалып қойды. Бұл жарыста ел намысын қорғаған ЕкатеринаАйдова төртінші орын алды. Ол қола жүлдегерден небәрі 0,03 секундқа қалып қойды.