7-қысқы Азия ойындарына «Динамо» 12 алтын, 5 күміс, 4 қола медаль салды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
7-қысқы Азия ойындарына «Динамо» 12 алтын, 5 күміс, 4 қола медаль салды

7-қысқы Азия ойындарына «Динамо» 12 алтын, 5 күміс, 4 қола медаль салды

 7-қысқы Азия ойындарында ұлттық құрама сапында 9 спорт түрі бойынша «Динамо» денешынықтыру және спорт қоғамының 44 спортшысы өнер көрсетті. Олар бұл жарыста 12 алтын, 5 күміс, 4 қола медаль олжалады.

  • 7 Ақпан 2011
  • 612
Фото - Caravan.kz


Ал бұл жарыста Қазақстан спорттың 11 түрі бойынша 32 алтын, 21 күміс, 17 қола медальмен 1-орын алған болатын. Онда «Динамодан» өскемендік фристайлшілер арасынан Юлия Галышева 2 алтын, Дмитрий Бормашов 1 алтын, 1 қола, Дмитрий Рейхерд 1 алтын, ал Юлия Родинова 1 күміс жүлде алды. Биатлонда көкшетаулық Александр Червяков 2 мәрте Азия ойындарының чемпионы, талдықорғандық Елена Хрусталева Азияның алтын және күміс жүлдегері атанды. Шаңғы жарысынан риддерлік Алексей Полтаранин 2 алтын, 1 қола, ал Сергей Черепанов 1 күміс медаль иеленді. Коньки тебуде қостанайлық Денис Кузин алтын жүлдені, қызылжарлық Дмитрий Бабенко 2 күміс, 1 қола жүлдені омырауына тақты. Тау шаңғысынан өскемендік Игорь Закурдаев 1 мәрте Азия ойындарының жеңімпазы және 2 мәрте күміс жүлдегер атанды. Шаңғымен тұғырдан секіруде алматылық Радик Жапаров қола, ал оралдықтар ерлер арасында тұңғыш рет Азия ойындарының бағдарламасына енген шайбалы хоккейден чемпиондық атақты жеңіп алды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера