Оралда допты хоккейді одан әрі дамыту үшін жасанды мұз айдыны қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда допты хоккейді одан әрі дамыту үшін жасанды мұз айдыны қажет

Оралда допты хоккейді одан әрі дамыту үшін жасанды мұз айдыны қажет

Оралда допты хоккейді одан әрі дамыту үшін жасанды мұз айдыны қажет. Бұл туралы «Ақжайық» спорт клубы» АҚ бас директоры Нұфтолла Түменов мәлім етті.

  • 8 Ақпан 2011
  • 463
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Қазақстанның допты хоккейшілері ел намысын абыроймен қорғай алатынын Алматыда өткен Азиада додасында дәлелдеді. «Моңғолия командасымен болған допты хоккей финалын Елбасының келіп тамашалауы ойыншыларға қанат бітірді. Бұл аталмыш спорт түріне елімізде көңіл бөлініп отырғанын айғақтай түседі. Алдағы жылы допты хоккейден әлем біріншілігі Алматы қаласында өтеді. Қазақстан допты хоккей федерациясы «А» тобындағы мықты командалардың сайысын сол Алматыда өткізіп, төменгі топтың жарысын Орал қаласында ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырып отыр. Бұл үшін, әрине, ең алдымен жасанды мұз айдыны қажет. Мұндай мұз айдыны болса, өңірдегі допты хоккей спорты дами түсер еді», — деді Н.Түменов.

Ертең елге оралатын «Ақжайық» командасы Ресей чемпионаты бірінші лигасындағы ойындарын жалғастырады. 9 ақпанда оралдықтар бірінші лигадағы ең күшті командалардың бірі — Мончегорскінің «Кольская ГМК» клубын қабылдайды.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера