Волейбол: "Жетісу" командасы жеңіліп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейбол: "Жетісу" командасы жеңіліп қалды

Волейбол: "Жетісу" командасы жеңіліп қалды

 Павлодарда волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатының 3-тур ойындары аса тартысты өтіп жатыр.

  • 10 Ақпан 2011
  • 425
Фото - Caravan.kz


Онда алғашқы 2 турда барлық қарсыластарынан басым түсіп 20 ұпаймен көш бастаған Алматы облысының "Жетісу" командасы кеше алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты. Олар турнир кестесінде 17 ұпаймен 2-орында келе жатқан Павлодар облысының "Ертіс-Қазхромына" 2:3 есебімен есе жіберді. Жарыс қожайындары алдыңғы күні "алматылықтарды" (3:1) қапы қалдырған болатын. Бұл турнирде әзірге павлодарлықтардан басқа 15 ұпаймен үзтік үштікті түйіндеп тұрған Қарағанды облысының "Қарағанды" командасы ғана жеңіліссіз келе жатыр. Олар "Астананадан" 3:2, ал "Алматыдан" 3:1 есебімен басым түсті. Бүгін енді "Астана" мен "Алматы", "Қарағанды" мен "Жетісу", "Ертіс-Қазхром" мен "Металлург АМТ" (Теміртау) өзара күш сынасады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера