Волейбол: "жетісу" командасы қайтадан қаһарына мінді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейбол:  "жетісу" командасы қайтадан қаһарына мінді

Волейбол: "жетісу" командасы қайтадан қаһарына мінді

Павлодарда волейболдан ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатының 3-тур ойындары өтіп жатыр.
 

  • 11 Ақпан 2011
  • 449
Фото - Caravan.kz

Алғашқы үш күннің қорытындысы бойынша әзірге Павлодардың «Ертіс-Қазхром" командасы ғана жеңіліссіз келе жатыр. Ал алғашқы 2 турда қарсылас шақ келтірмеген Алматы облысының «Жетісу» командасы алдыңғы күні жеңілістің кездейсоқтық екенін дәлелдеуге тырысуда. Олар кеше 2-турдың қорытындысы бойынша үздік үштікті түйіндеген Қарағанды облысының «Қарағанды» командасын 0:3 есебімен (14-25, 18-25, 20-25) ойсырата жеңді. Ал «Астана» мен «Алматы», «Ертіс-Қазхром» мен «Металлург АМТ» (Теміртау) клубтары арасындағы ойын 3:1 есебімен аяқталды.

«Жетісулықтар» бұған дейін 8 ақпандағы бірінші кездесуде теміртаулықтарды 3:0 (25-14, 25-13, 25-15) есебімен тізе бүктірген болатын. Бүгін барлық командалар бір күндік үзіліс алды.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера