Волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 3-турында алматылықтар жеңіліп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+1 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 3-турында алматылықтар    жеңіліп қалды

Волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 3-турында алматылықтар жеңіліп қалды

Алматыдағы "Темір дос" спорт кешенінде волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатының 3-туры өтіп жатыр.

  • 14 Ақпан 2011
  • 414
Фото - Caravan.kz


Турнир кестесінде көш бастап келе жатқан жарыс қожайындары кеше Өскеменнің "Шығыс-Қорғасын Құрылыс" командасына 3:0 (25-22, 25-16, 25-22) есебімен ойсырай ұтылды. Бұған дейін алматылықтар "ТНК Қазхром" (Хромтау) мен "Атырауды" осындай есеппен тізе бүктірді. Ал үздік үштікті түйіндеп тұрған өскемендіктер Қызылжардың "Есілін" 3:1 есебімен ұтқанымен, Оралдың "Конденсатына" 0:3 боп ойсырай ұтылған болатын. Алғашқы 2 турдың қорытындысы бойынша көшбасшыдан 4 ұпай артта қалған хромтаулықтар "Атырау" ( 3:1) мен "Конденсатты" (3:0) ұтқанымен "Алматыға" (3:0) тағы да есе жіберді. Бүгін барлық командалар тынығып, жарысты ертең одан ары жалғастырады. Ал 3-турдың ақтық кездесулері 16 ақпанда өтеді.