«Конденсат» «Шығысты» ұтқанымен, «Есілден» жеңіліп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+1 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Конденсат» «Шығысты» ұтқанымен, «Есілден» жеңіліп қалды

«Конденсат» «Шығысты» ұтқанымен, «Есілден» жеңіліп қалды

Алматы қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ҚР ХІХ біріншілігінің үшінші турында Оралдың «Конденсаты» екі рет ұтылып, бір кездесуінде жеңіске жетті.

  • 14 Ақпан 2011
  • 468
Фото - Caravan.kz

Қос турдан кейін бесінші орында келе жатқан оралдықтар бастапқыда көш бастаушылардың бірі Хромтаудың «ТНК Казхром» командасынан ұтылып, екінші кездесуінде үшінші орындағы Өскеменнің «ШығысҚорғасынҚұрылысын» 3:0 есебімен тізе бүктірді. Ал турнир кестесіндегі көршісі, төртінші орындағы «Есілмен» өткен кездесу 2:3 есебімен петропавлдықтардың пайдасына шешілді. Жалпы, тартысты өтіп жатқан бұл турда жеңілмеген команда қалған жоқ.

«Конденсат» енді «Атырау», «Алматы» командаларымен күш сынасады. Үшінші тур 16 ақпанда мәреге жетпек.