Оралдың «Ақжайығы» өз айдынында «Мурманмен» тартысты кездесулер өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралдың «Ақжайығы» өз айдынында «Мурманмен» тартысты кездесулер өткізді

Оралдың «Ақжайығы» өз айдынында «Мурманмен» тартысты кездесулер өткізді

Допты хоккейден Ресей чемпионаты бірінші лигасында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» 12-13 ақпанда кезекті кездесулерін өз айдынында «Мурман» (Мурманск) командасымен өткізді.

  • 14 Ақпан 2011
  • 531
Фото - Caravan.kz

«Ақжайық» алғашқы күнгі ойынында 1:3 есебімен есе жіберді. Бұл ойында оралдықтардан тәжірибелі ойыншы Алексей Фошин гол соқты.

Екінші кездесу де аса тартысты өтіп, «Ақжайық» 4:3 есебімен жеңіске жетті. «Ақжайықтан» Петр Грибанов, Вячеслав Петров, Антон Татаров, Николай Шавалдиндер қарсыластар қақпасын дәл көздеді.

Бірінші топта «Мурман» екінші орында келе жатса, 15 ұпайы бар «Ақжайық» төртінші сатыда. Оралдықтар келесі ойындарын өз айдынында «Вымпел» (Королев) командасымен өткізеді.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера