«Қайсардың» құрамында африкалық ойыншылар ойнап қалуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+1 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қайсардың» құрамында африкалық ойыншылар ойнап қалуы мүмкін

«Қайсардың» құрамында африкалық ойыншылар ойнап қалуы мүмкін

Өткен жылы бірінші лигада екінші орын алып, биылғы маусымда Қазақстан біріншілігінің Премьер-лигасына оралып отырған Қызылорданың «Қайсар» футбол командасының құрамында алғаш рет алыстағы Африка құрлығының ойыншылары ойнап қалуы мүмкін.

  • 16 Ақпан 2011
  • 384
Фото - Caravan.kz


Жақында ғана Түркиядан оқу-жаттығу жиынынан оралған клубтың сынағынан қазір гвинеялық Сангара Мамаду мен нигериялық Филипп Эдейпо өтуде.

Командада сонымен қатар бұрын осында ойнап кеткен Лаша Челидзе (Грузия) мен Валериус Мижигурскис (Литва) жаттығып жатыр. Олардан бөлек, тағы украиналық жартылай қорғаушы Олег Шинтовский сынақта жүр. Бұлардан басқа, былтыр Талдықорғанның «Жетісуында» өнер көрсеткен жартылай қорғаушы Әсет Меңліқожа туған командасына қайтып оралды. Биыл басқа ұжымдарға сынақтан өтуге кеткен Егор Азовский мен Серік Сағындықов та қайта келді.