Қазақстанда жеке спорт арнасын ашу қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жеке спорт арнасын ашу қажет

Қазақстанда жеке спорт арнасын ашу қажет

Бүгін ҚР Туризм және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Спорт комитетінің төрағасы Елсияр Қанағатов отандық жеке спорт арнасын ашуды ұсынды.

  • 21 Ақпан 2011
  • 388
Фото - Caravan.kz

«Менің пікірімше, республикадағы және шетелдердегі спорттық, туристік сапарлар туралы ақпараттарды ұсынып отыратын жеке тематикалық арнаны ашу уақыты жеткен сияқты. Сонда ғана дене шынықтыру мен спорт насихаты нысаналы әлеуметтік топтарға жететін болады. Біздің спорт тарихымыз өте бай, спорттың өткені, бүгіні мен келешегі туралы айтуымыз қажет»,-деді комитет төрағасы.

Е. Қанағатов сондай-ақ, бүгінде жастардың қолжетімді ақпарат көзі болып отырған жаһандық ғаламторды да жетілдіру қажеттігін айтты.


«Біз тиісті құзырлы органдармен және телеарналармен аталмыш мәселені талқылап, спортты насихаттауды жандандыруға ниеттіміз және мүдделіміз»,-деді ол.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера