Спорт кешендерін ауылды жерлерде көптеп салу қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спорт кешендерін ауылды жерлерде көптеп салу қажет

Спорт кешендерін ауылды жерлерде көптеп салу қажет

Қазақстанның күрес чемпиондарының барлығы ауылдан шыққан.

  • 21 Ақпан 2011
  • 509
Фото - Caravan.kz


Сондықтан бүгінде күрес сияқты ұлттық спортымызды дамыту жолында спорт кешендерін ауылды жерлерде көптеп салу қажет.Бұл туралы бүгін ҚР Туризм және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде министр Темірхан Досмұханбетов айтты.

Министрдің пайымдауынша, бүгінгі таңда елімізде күрестің төрт түрін көтерудің арқасында қазақстандық спортшылар халықаралық дәрежеде жоғары жетістіктерге жете алады. «Бүгінгі біздің экономикалық өсу жағдайында спортты дамытуға мүмкіндіктер көп. Біз осы мүмкіндікті пайдалануымыз қажет. Бір сөзбен айтқанда, намысымыз бар болса біз күресті көтеруге тиіспіз. Әсіресе, ауылдық жерлердегі балаларға ерекше көңіл бөлу қажет. Себебі біздің сараптамамыз көрсетіп отырғандай, Қазақстанның күрес тарихында барлық чемпиондар ауылдан шыққан. Қазіргі кезде біз «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасынан кейін «100 спорт кешенін» салуды ұсынып отырмыз. Осы спорт кешендерін ауылды жерлерде көптеп тұрғызып, біздің ұлттық күресімізді көтеру — баршаның міндеті»,-деп атап көрсетті министр Т. Досмұханбетов.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера