Данияр Елеусінов Қазақстан чемпионатының ең үздік боксшысы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Данияр Елеусінов Қазақстан чемпионатының  ең үздік боксшысы атанды

Данияр Елеусінов Қазақстан чемпионатының ең үздік боксшысы атанды

Кеше Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында бокстан ел чемпионатының ақтық кездесулері өтті.

  • 21 Ақпан 2011
  • 732
Фото - Caravan.kz


Бір апта бойы бокс сүйер жанкүйердің делебесін қоздырып аса тартысты өткен бұл дүбірлі додада командалық есепте 2 алтын, 3 күміс, 1 қола медальмен астаналықтар топ жарды. Жамбыл облысының былғары қолғап шеберлері 2 алтын, 3 қоламен екінші орын алды. Ал үздік үштікті 1 алтын, 2 қоламен Қостанай облысының спортшылары түйіндеді. Онда сондай-ақ астаналық Данияр Елеусінов "ең үздік боксшы", батыс қазақстандық Айдар Әмірзақов "жеңіске деген ынтасы", ал жарысқа қазылық еткендер арасында Бақытжан Бекпенбетов "үздік төреші" аталымы бойынша арнайы марапатқа ие болды.

Жалпы ақтық сында ең жеңіл (49 келі) салмақта оңтүстік қазақстандық Біржан Жақыпов тараздық Азамат Исақұлов кездесіп, жекпе-жек 3:4 есебімен Азаматтың пайдасына шешілді. Ақмолалық Нұрсұлтан Көшеғұлов пен маңғыстаулық Әли Байбозов (52 кг) арасындағы кездесу 1:3 есебімен аяқталды. Ал 56 келідегі астаналық Данияр Төлегенов пен ақтөбелік Мәди Шолақов (4:0), 69 келідегі қызылордалық Рустам Сыбаев пен астаналық Бақытжан Қожабеков ( 16:3), 75 келідегі шығыс қазақстандық Данабек Сужанов пен астаналық Даурен Елеусінов (11:1), 91 келіде Василий Левит пен Алматы облысы үміт артқан Данияр Үстембаев (7:3) және 91 келіден жоғары салмақта қостанайлық Иван Дычко мен оңтүстік қазақстандық Досжан Оспанов (4:1) арасындағы кездесулер алғашқылардың айқын басымдығымен аяқталды. Ал 81 келідегі қарағандылық Алмат Серімов пен Арман Рысбек (0:1), 60 келіде батыс қазақстандық Айдар Әмірзақов пен тараздық Ғани Жайлауов (3:4), 64 келіде оңтүстік қазақстандық Алмазбек Әлібеков пен астаналық Данияр Елеусінов (2:3 ) арасындағы кездесудің тағдыры 1 ұпаймен шешілді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера