Баку спорт сарайындағы бұл додада қазақстандықтар 1-топта Әзірбайжан, Испания және Франция құрамаларымен сынға түседі. Бас бапкер Әміржан Мұқанов ұлттық құрамаға 14 спортшыны тартып отыр. Олардың тоғызы «Тұлпардан» (Дәурен Нұрғожин, Серік Жаманқұлов, Шыңғыс Есенаманов, Роман Шорин, Николай Пенгрин, Павел Таку, Михаил Першин, Александр Довгань, Константин Перемышлин), ал «Аяттан» үш (Григорий Шамро, Тимур Мырзабаев, Николай Казаков) «Қайраттан» екі ( Дінмұхамед Сүлейменов, Виталий Александров) футболшы бар. Қазақстандықтар алғашқы ойынын жарыс қожайындарымен, ал одан кейінгі 2 кездесуін Испания мен Франция аяқдошыларымен өткізеді.