Петропавлда «Жайық-Конденсат» командасы сәтті өнер көрсетуде - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
0 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда «Жайық-Конденсат» командасы сәтті өнер көрсетуде

Петропавлда «Жайық-Конденсат» командасы сәтті өнер көрсетуде

Волейболдан ерлердің «А» жоғары лига командалары арасында Петропавлда өтіп жатқан ел біріншілігінің үшінші турында Оралдың «Жайық-Конденсат» командасы сәтті өнер көрсетуде.

  • 23 Ақпан 2011
  • 447
Фото - Caravan.kz

Батысқазақстандықтар 20 ақпан күні Алматының «КазНАУ» командасын 3:1 есебімен ұтса, кеше «Атырау-2» ойыншыларын дәл осы есеппен тізе бүктірді. «Жайық-Конденсат» жоғары лигада көш бастап келе жатқан Шымкенттің «ОҚМУ-Қазығұртына» ғана 0:3 есебімен есе жіберді.

Үшінші тур 27 ақпанда мәреге жетеді. Командалар барлығы бес тур өткізеді.