Волейболдан Жоғарғы лигадағы әйелдер командалары чемпионатында өскемендіктер алда - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
0 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейболдан Жоғарғы лигадағы әйелдер командалары чемпионатында  өскемендіктер алда

Волейболдан Жоғарғы лигадағы әйелдер командалары чемпионатында өскемендіктер алда

Кеше Астанада волейболдан Жоғарғы лигадағы әйелдер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатының 3-тур ойындары аяқталды.

  • 24 Ақпан 2011
  • 514
Фото - Caravan.kz


Онда алғашқы бестіктегі Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (51 ұпай), Теміртаудың «Спартак АМТ» (42 ұпай), Қостанайдың «Иволга» (40 ұпай), Алматының «Алматы-ЦСКА» (35 ұпай), Оралдың «Грация-KZ» (34 ұпай) волейболшылары екінші бестіктен тағы да қара үзіп кетті. Мәселен, Қарағанды облысының «Қарағанды-2» командасында — 22, Астананың «Астана-2» командасында — 20, Павлодардың «Қазхром» командасында — 19, Шымкенттің «Қазығұрт» командасында — 4, ал Алматы облысының «Жетісу-2» командасында — 3 ұпай ғана бар. Ел чемпионатының 4-тур ойындары 15-20 наурызда Оралда өтпек. Жалпы алдағы сындарда енді құрамына «Қарағанды-2» енген алғашқы алтылық 1-6 орындар, ал өзге 4 команда 7-10 орындар үшін таласатын болады.