Ел біріншілігінде «Жайық-Конденсат» командасы екінші орында келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
0 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ел біріншілігінде «Жайық-Конденсат» командасы екінші орында келеді

Ел біріншілігінде «Жайық-Конденсат» командасы екінші орында келеді

Петропавл қаласында өткізілген волейболдан ерлердің «А» жоғары лига командалары арасында ҚР ХІХ чемпионатының үшінші турынан кейін Оралдың «Жайық-Конденсат» командасы екінші орында келеді.

  • 28 Ақпан 2011
  • 452
Фото - Caravan.kz

Шымкенттің «ОҚМУ-Қазығұрт» командасы 54 ұпаймен жекедара көш бастаса, оралдықтардың еншісінде 45 ұпай бар. Астананың «Ұшқын-Искра» командасы 39 ұпаймен үшінші орынға жайғасты. Аталмыш турда «Жайық-Конденсат» «Қазығұрт» пен алаң иелері Петропавлдың «Есіл-Викториясынан» ғана ұтылып, басқа командалардың бәрін жеңді.

Ел біріншілігінің төртінші туры 18-26 наурыз аралығында Шымкент қаласында өтеді.