"Орыс қысы" халықаралық турнирінде қазақстандықтар волейболшылар 1/8 финалға дейін жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Орыс қысы" халықаралық турнирінде қазақстандықтар волейболшылар 1/8 финалға дейін жетті

"Орыс қысы" халықаралық турнирінде қазақстандықтар волейболшылар 1/8 финалға дейін жетті

4-27 ақпанда Ресейдің Анапа қаласында жағажай волейболынан жабық кешендегі "сателлит" сыныбындағы "Орыс қысы" халықаралық турнирі өтті.

  • 28 Ақпан 2011
  • 507
Фото - Caravan.kz

Онда әйелдер арасында бақ сынаған Татьяна Машкова пен Ирина Цимбалова негізгі сындағы алғашқы ойында жарыс қожайындарынан Степанова-Демирчова жұбын 2:0 (21:18, 21:19) есебімен жеңген болатын. Екінші ойында ресейлік Хомякова-Моисеева жұбына дәл осындай есеппен (21:19, 21:15) есе жіберді. Одан кейін олар австриялық Т.Црнко мен С. Црнконы (21:8, 21:7) ойсырата жеңіп, 1/8 финалда жарыс қожайындарымен қайта кездесті. Бұл жолы қазақстандық спортшылардың жолын кейін турнир жеңімпазы атанған Анастасия Васина мен Анна Возакова (21:17, 21:14) кесті.

Бұл додада ерлер арасындағы сайыста да қазақстандық Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешовтің жолына жарыс қожайындары кесе-көлденең тұрды. Оларды алдымен Белов-Даянов (21:15, 21:13) одан кейін Прокопьев-Семёнов жұбы (21:12, 21:11) сүріндірді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера