Оған Қызылорда қаласы және Арал, Қармақшы, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарынан 8 команда, 40-қа жуық спортшы қатысып, шеберлік байқасты. Жарыс швейцарлық жүйе бойынша 7 турдан өтті.
Мақсаты — жасөспірімдерді дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, облысымызда тоғызқұмалақ ойынын одан әрі дамытып, өркендету.
Жарыста қыздар арасында бірінші орынды қызылордалық Бейбіткүл Әбдірахманова, екінші орынды шиелілік Айнұр Есенова, үшінші орынды сырдариялық Құндызай Әкбарова жеңіп алды. Ал ұлдар арасында алғашқы үш орынды сырдариялық Ержан Кенбай, қызылордалық Сәмит Еркін және жаңақорғандық Өмірзақ Серікбаев бөлісті. Жалпы командалық есепте Қызылорда қаласының тоғызқұмалақшылары бірінші орынды жеңіп алса, екінші орынға Сырдария, үшінші орынға Шиелі аудандарының ұжымдары орналасты.