Қызылордалық Әсел Дәлиева тоғызқұмалақтан тағы да Қазақстан чемпионы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордалық Әсел Дәлиева тоғызқұмалақтан тағы да Қазақстан чемпионы атанды

Қызылордалық Әсел Дәлиева тоғызқұмалақтан тағы да Қазақстан чемпионы атанды

Қызылордалық Әсел Дәлиева Павлодар қаласында өткен тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының әйелдер арасындағы жекелей чемпионатында топ жарды.

  • 1 Наурыз 2011
  • 750
Фото - Caravan.kz

Біріншілікке Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарынан басқа 100-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс тоғызқұмалақтың өз ережелеріне сәйкес үш жүйе бойынша өтті. Осында Әсел Дәлиева дәстүрлі жекелей бойынша (2 сағат беріледі), рапидта (20 минут), блицтен (7 минут) алдына жан салмады. Ол осымен тоғызыншы мәрте Қазақстан чемпионы атанды. Ол — тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2009 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, 2010 жылғы І-ші әлем чемпионатының жеңімпазы. №2 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің түлегі.

Осы жарыста тағы бір қызылордалық Бейбіткүл Әбдірахманова блицтан үшінші орынды иеленді.

Спортшыларды жарысқа дайындаған Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы Еркетай Иманбаев.

Әсел енді үстіміздегі жылдың маусым айында Қырғызстанда өтетін Азия чемпионатына қатысады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера