Оны Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы халықты спортпен шұғылдануға тарту бойынша тапсырмасын және «Қазақстан Республикасының дене шынықтыруды дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру аясында Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімдігі ұйымдастырды. Жарысқа Әуезов ауданының 10-нан аса мекемелерінде — аудан әкімдігінде, Әуезов аудандық прокуратурасында, сотта, салық, ішкі істер, әділет және санитарлық-эпидемиологиялық басқармаларында қызмет атқаратын әйел азаматтардан құралған командалар қатысты.
«Сайыстың негізгі мақсаты — салауатты өмір салтын, спортқа деген қызығушылықты әйелдер арасында қалыптастырып, дамыту және жетілдіру болып табылады»,-деді шараның ұйымдастырушылары.
Жеңімпаз командаларға Әуезов ауданы әкімінің мақтау қағаздары мен сыйлықтары табысталды.