Оларға сыйлықты журналдың құрылтайшысы Анарбек Жауыров тапсырды. Естеріңізге сала кетейік, аталған журнал қаңтардың 12 күні еліміздегі 2010 жылғы ең үздік спортшылардың есімдерін жария еткен болатын. Олардың қатарында ауыр атлет Илья Ильин, футболшы Нұрбол Жұмасқалиев, боксшы Данияр Елеусінов бастаған он спортшы бар. Жеңімпаздар спорт журналистері мен журналдың тұрақты оқырмандары арасында жүргізген арнайы сауалнама бойынша анықталған.
ҚазАқпарат анықтамасы: «Sport Review» журналы 2003 жылдан бері шығып келеді. 32 беттік,спорт тақырыбына арналған түрлі -түсті журнал, апта сайын жарық көреді. 10010 данамен жарық көретін журналдың бас редакторы Дмитрий Мостовой.