Велоспорт: «Астана» командасы «Giro del Friuli» жарысына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
0 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Велоспорт: «Астана» командасы «Giro del Friuli» жарысына қатысады

Велоспорт: «Астана» командасы «Giro del Friuli» жарысына қатысады

Велоспорттан «Астана»командасы ертең Италиядағы «Giro del Friuli» жарысына қатысады.

  • 2 Наурыз 2011
  • 502
Фото - Caravan.kz

Онда Қазақстандық кәсіби велоклубтың намысын 8 спортшы қорғайды. Олар: австралиялық Симон Кларк, словениялық Горазд Штангели, чех Роман Кройцигер, қазақстандық Роман Киреев пен Максим Иглинский және италияндықтар Паоло Тиралонго, Энрико Гаспаротто, Мирко Лоренцетто.

Былтыр да 3 наурызда өткен 190 шақырымдық бұл жарыста 1-3 орынды италияндық Роберто Феррари (De Rosa — Stac Plastic), Джакопо Гварнери (Liquigas-Doimo) және Энрико Росси (Ceramica Flaminia) өзара бөліскен болатын. Бұл дода биыл «астаналықтардың» наурыз айында бақ сынайтын алғашқы жарысы болмақ. Бұдан кейін олар 6-13 наурызда Франциядағы Париж-Ницца, ал 9-15 наурызда Италиядағы Тиррено-Адриатико бәсекелеріне қатыспақ.