Оралда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 4-туры өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
0 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 4-туры өтеді

Оралда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ел чемпионатының 4-туры өтеді

Оралда 8-13 наурызда волейболдан Ұлттық лигадағы ерлер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатының 4-тур ойындары болады.

  • 3 Наурыз 2011
  • 475
Фото - Caravan.kz

Алғашқы 3 турдың қорытындысы бойынша қазір «Алматы» 29 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап келе жатыр. Үздік үштікті түйіндеп тұрған Хромтаудың «ТНК Қазхром» (25 ұпай) мен Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (24 ұпай) командаларының арасын 1 ұпай ғана бөліп тұр. Қазіргі кезде турнир кестесінің екінші жартысындағы Қызылжардың «Есіл» (20 ұпай), Оралдың «Конденсат» (19 ұпай) және «Атырау» (18 ұпай) волейболшылары да бір-бірін өкшелеп келе жатыр. Айналым жүйесі бойынша өтетін ел чемпионаты жарысқа қатысатын 6 қаладағы 6 турға созылады. Бұған дейін оның үшеуі өтті.