Ертең Астанада шаңғы спортының «Бұрқасын-2011» дәстүрлі фестивалі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+1 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ертең Астанада шаңғы спортының «Бұрқасын-2011» дәстүрлі фестивалі өтеді

Ертең Астанада шаңғы спортының «Бұрқасын-2011» дәстүрлі фестивалі өтеді

Ертең, Астанада шаңғы спортының «Бұрқасын-2011» дәстүрлі фестивалі өтеді.

  • 5 Наурыз 2011
  • 610
Фото - Caravan.kz

Фестиваль Есіл өзенінің үстінде (елорда саябағының қалалық жағажай аумағында) өтеді. Оның барасында спорттың әр түрінен жарыстар ұйымдастырылып, конькимен жүгіру спортынан көрсетілімдік қойылымдар ұсынылады.

Шараның мақсаты — Қазақстан Президенті Жолдауының негізгі басымдықтарын жүзеге асыру, соның ішінде — бұқаралық спортты насихаттау, қысқы спорт түрлерін дамыту, қала халқының демалысын тиімді ұйымдастыру.

Фестивальді ұйымдастырушылар: Астана қаласының әкімдігі, «Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Ұлттық спорт түрлері және бұқаралық сауықтыру-дене шынықтыру клубы» МКҚК.

Жарыстарға кез-келген қала тұрғыны мен қала қонақтары қатыса алады.