Теннис: Қазақстан мен Чехия Дэвис кубогі жарысының алғашқы күнінде әзірге тең келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теннис: Қазақстан мен Чехия Дэвис кубогі жарысының алғашқы күнінде әзірге тең келеді

Теннис: Қазақстан мен Чехия Дэвис кубогі жарысының алғашқы күнінде әзірге тең келеді

Қазақстан мен Чехия теннисшілері Острава қаласында өтіп жатқан Дэвис Кубогы (Әлемдік топ) бірінші раундының алғашқы күнінде 1:1 есебімен тең тарқасты.

  • 5 Наурыз 2011
  • 632
Фото - Caravan.kz

Дэвис Кубогы матчының аясында бірінші болып қазақстандық Андрей Голубев пен чехиялық спортшы Ян Гайек сайысқа түсті. Тартысты өткен кездесуде жерлесіміз қарсыласынан басым түсті. Былтыр Роттердамда ATP турнирі аясында бұл спортшылардың жолы түйіскен болатын. Қазақстандық ол кезде үш сеттің қорытындысы бойынша жеңіске жеткен еді (7:6, 6:7, 6:2). Бұл жолы А. Голубев 3,5 сағатқа созылған ойында 7:6, 6:7, 1:6, 7:6, 6:3 есебімен үлкен қиындықпен жеңіске жете алды.

Сол күні бірінші ойыннан кейін Қазақстан мен Чехия командаларының ойыншылары Михаил Кукушкин және Томаш Бердых шеберлік байқасты. Бұл жолы чехиялықтардың мысы басым болды. Дегенмен әлемдік рейтингте 7-ші сатыда тұрған атақты теннисші Томаш Бердых бірінші сетте М. Кукушкинге күтпеген жерден жол беріп қоя жаздады. 5:3 есебімен ұтылып келе жатқан тұсында ол жинақылық танытып, қазақстандықты тай-бректе 6:7 есебімен тізе бүктірді. Кейінгі екі сет 6:2, 6:3 есебімен Т. Бердыхтың басымдығымен аяқталды.

25 жасар Т. Бердых 2004 жылы Афины Олимпиадасында Роджер Федерердің өзін жарыстан шығарғаны біраз жайттың бетін ашып тұр. 2009 жылы Чехия құрамасымен «Дэвис» кубогының финалына шыққаны да біздің жігіттер үшін ойға аларлық ақпарат. Үстіміздегі жылы ағылшынның ашық біріншілігі саналатын «Уимблдон» мен «Мастерс» турнирлерінің ақтық сынына шыққан Томаш, соңғы сәтте ғана сүрінген еді.

Осылайша алғашқы күннің қорытындысы бойынша әзірше 1:1 тең есеп тіркелді. Дэвис Кубогының екінші ойын күнінде, яғни бүгін, 5 наурызда жұптық жарыс болады. Қазақстан намысын Юрий Щукин мен Евгений Королев қорғаса, Чехия құрамасынан Лукаш Длуги және Иржи Веселы жарысқа қатысады. Дегенмен ол құрам әлі өзгертілуі де ғажап емес.

Жарыстың соңғы күні — 6 наурызда жеке ойындарда Қазақстан спортшысы Андрей Голубев Чехия құрамасының ең үздік ойыншысы Томаш Бердыхпен сайысқа түседі. Ал Қазақстанның екінші ракеткасы Михаил Кукушкин Ян Гайекке қарсы ойнайды.

Дэвис Кубогы — бұл ерлер ұлттық құрама командалары арасындағы ең ірі жарыс болып табылатын халықаралық теннистік турнир. Ағымдағы турнирдің жеңімпаздары — Испанияның құрамасы. Жоғары деңгейлі бұл дүбірлі сайысқа қазақстандықтар алғаш рет қатысып отыр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера