Қызылорданың «Қайсарына» жаңа бас жаттықтырушы тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорданың «Қайсарына» жаңа бас жаттықтырушы тағайындалды

Қызылорданың «Қайсарына» жаңа бас жаттықтырушы тағайындалды

Футболдан Қазақстан біріншілігі басталар қарсаңында Қызылорданың «Қайсарына» бас жаттықтырушы тағайындалды. Былтыр команданы жоғары лигаға алып шыққан Алаш Өтеуішев командадан кетіп қалған соң оның орнын басатын білікті бапкер көпке дейін табылмай қойып еді.

  • 5 Наурыз 2011
  • 618
Фото - Caravan.kz


Осы кезге дейін клуб тізгінін ұстау мүмкіндігі бар талай маманның аты-жөндері аталды. Бірақ олардың бірде-бірі мұнда келе қойған жоқ. Ақыр соңында бұл олқылықтың орнын белгілі литва маманы толтырды. Ол — Альгимантас Любинскас. 1951 жылы туған. КСРО спорт шебері, КСРО-ға еңбегі сіңген жаттықтырушы. Альгимантас Ионович ойыншы кезінде 1973-1974 жылдары Вильнюс «Жальгирисінің» қорғаныс шебінде ойнаған. Ал 1983-1985 жылдары бас жаттықтырушы ретінде осы команданы жаттықтырған. Ол команданы 1983 жылы КСРО біріншілігі жоғары лигасында 5 орынға шығарды. Бұдан кейін бірқатар шет елдерде жаттықтырушы болып қызмет етті.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера