Оралда волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ел біріншілігінің төртінші туры өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралда волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ел біріншілігінің төртінші туры өтуде

Оралда волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ел біріншілігінің төртінші туры өтуде

Кеше Оралда волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ХІХ ел біріншілігінің төртінші туры басталды.

  • 9 Наурыз 2011
  • 370
Фото - Caravan.kz

Бірінші кездесуде Өскеменнің «ШығысҚорғасынҚұрылысы» Петропавлдың «Есілін» 3:1 есебімен жеңсе, ел чемпионы «Алматы» дәл осындай есеппен «Атырауды» ұтты. Бұл күні, әсіресе, алаң иелері «Конденсат» пен Хромтаудың «ТНК Казхром» командасы арасындағы матч аса тартысты өтті. Оралдықтар екінші орында келе жатқан хромтаулықтармен тең дәрежеде өнер көрсете білді. Матч бес партияға созылып, 3:2 есебімен хромтаулықтардың пайдасына шешілді.

Бүгін «Атырау» — «Есіл», «Алматы» — «ТНК Казхром», «Конденсат» — «ШығысҚорғасынҚұрылыс» командалары өзара кездеседі.

Төртінші тур 13 наурызда мәреге жетеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера