Волейбол: Оралда хромтаулықтар жақсы өнер көрсетуде - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейбол: Оралда хромтаулықтар жақсы өнер көрсетуде

Волейбол: Оралда хромтаулықтар жақсы өнер көрсетуде

Орал қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ҚР біріншілігі төртінші турының ойындары одан әрі жалғасуда.

  • 10 Наурыз 2011
  • 511
Фото - Caravan.kz

Кеше ел чемпионы «Алматы» Хромтаудың «ТНК Қазхром» командасынан 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Мұның алдында хромтаулықтар дәл осындай есеппен Оралдың «Конденсатын» ұтқан болатын. Кеше осындай есеппен алаң иелері Өскеменнің «ШығысҚорғасынҚұрылыс» командасын тізе бүктірсе, «Атырау» Петропавлдың «Есілінен» 3:0 есебімен басым түсті.

Бүгін хромтаулықтар атыраулықтармен күш сынасса, «Шығыс» «Алматымен», «Есіл» «Конденсатпен» алаңға шығады.