деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.
Облыс орталығындағы үздік спорт базаларын анықтауға жарияланған жарыстарға спортклубтар мен мемлекеттік мекемелердің командалары қатысуда. Бұл жарысқа мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың да командалары белсенді атсалысып отыр.
Салауатты өмір салтын ұстанушы әуесқойлар бүгін волейбол мен баскетбол алаңдарында кездеседі және президенттік көпсайыс, шаңғы жарысы, шағын футбол мен дойбыдан күш сынасады.
Спартакиаданың қорытындысы жылдың соңында шығарылады, жеңімпаздарды ауыспалы кубоктар мен ақшалай сыйлықтар күтіп тұр.