Батыс Қазақстанда бокстан республикалық турнир өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстанда бокстан республикалық турнир өтуде

Батыс Қазақстанда бокстан республикалық турнир өтуде

БҚО-ның Шыңғырлау ауданында Социалистік Еңбек Ері Манат Ержановтың құрметіне арналған бокстан жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтуде.

  • 24 Наурыз 2011
  • 650
Фото - Caravan.kz

Оған Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Орал қалаларынан және БҚО аудандарынан балғын боксшылар қатысуда.

Аталмыш жарыс аймаққа белгілі әкелі-балалы кәсіпкерлер Алғали және Мирболат Тасмағамбетовтің демеушілігімен алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Жалпы, Шыңғырлау ауданында бокс әуелден жақсы дамыған. Кезінде бұдан есімі елге белгілі боксшылар да шықты. Соның бірі, Ленинград қаласының екі мәрте чемпионы, КСРО құрамасына қабылданып, Барселона олимпиадасына баруға үміткерлердің бірі болған Еділ Ешекеновті (1969-1993) еске алуға арналған турнир де жыл сайын өткізіліп келеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера