Волейбол: Жоғары лиганың ерлер командалары арасында семейліктер көш бастап келе жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Волейбол: Жоғары лиганың ерлер командалары арасында семейліктер көш бастап келе жатыр

Волейбол: Жоғары лиганың ерлер командалары арасында семейліктер көш бастап келе жатыр

Теміртауда 15-21 наурыз күндері волейболдан Жоғары лиганың Б тобындағы ерлер командалары арасында ХІХ Қазақстан чемпионатының 4-туры өтті.

  • 24 Наурыз 2011
  • 513
Фото - Caravan.kz

Онда семейлік спортшылар бұл жолы ұпай қорын 56-дан 74-ке дейін ұлғайтып көшбасшылық тізгінді биыл ешкімге ұстатпайтынын тағы да дәлелдеді. Оны өкшелеп келе жатқан Өскеменнің «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс-2» командасы — 11, Тараздың «ТарМУ» командасы — 13, Хромтаудың «ТНК Қазхром-2» командасы — 27 ұпайға артта келе жатыр. Ал турнир кестесінің екінші жартысындағы командалар арасында 4-турда біршама өзгеріс болды. Атап айтқанда, Теміртаудың «ВСМК-Арселормитталы» мен «Астана» волейболшылары өз орнын Қызылорданың «Қорқыт-Ата КМУ» мен Қостанайдың «КинЭУ» командаларына босатты. Қазір өз қоржындарына «Қоркыт-Ата КМУ» — 36, «ВСМК- Арселормиттал» — 35, «КинЭУ» -1, «Астана» — 9 ұпай ғана жинап отыр. Ел чемпионатының келесі туры 14-20 сәуір күндері Таразда өтетін болады.