Қазақстанның бокс федерациясы келешек басымдықтарын айқындады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның бокс федерациясы келешек басымдықтарын айқындады

Қазақстанның бокс федерациясы келешек басымдықтарын айқындады

Бүгін Астанада Қазақстан бокс федерациясының жылдық конференциясы өтті.

  • 25 Наурыз 2011
  • 511
Фото - Caravan.kz

Федерация президенті Тимур Құлыбаевтың төрағалығымен болған есеп беру жиынында, өткен 2010 жыл Қазақстан боксы үшін бірқатар маңызды оқиғалармен есте қалғандығы аталып өтілді. Соның ең маңыздыларының бірі — әлемдік бокс элиталарының басын қосқан АИБА-2010 Конгресінің Алматыда өтуі. Ол конгресте АИБА-ның атқарушы органдары, құрлықтық конфедерация және комиссиялары сайланды. Қазақстан АИБА-ның Атқарушы органына, Азия конфедерациясына және 4 комиссиясына мүшелікке енді.

Т. Құлыбаевтың айтуынша, сондай-ақ өткен жылы Қазақстан боксшыларының турнирлік күнтізбелері өте тығыз болды. Әйелдер арасында Азия чемпионаты, ҚР Президентінің Кубогі жолындағы халықаралық турнир, Қазақстан бокс федерациясының кубогі сынды жарыстар өткізілді. Қазақстандық боксшылар АИБА-ның Әлемдік бокс сериясы (WSB) турниріне қатысуда. Қазақстанның WSB бойынша құрамасы «Астана Арландары» жартылай финалға жолдама алды.

«Ерлер бокс құрамасы былтыр 16-Азия ойындарында 2 алтын жеңіп алғандығын атап өтпеске болмайды. Елдің әйелдер құрамасы да Азия чемпионатында 4 алтын жүлдеге ие болып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Сонымен қатар олардың Барбадоста өткен Әлем біріншілігіндегі күміс және қола медальдары ел қоржынын молайтты. Федерация елдің жас боксшыларына үлкен көңіл бөліп келеді. Жастар құрамасының Тегранда өткен Азия чемпионатындағы өнерлері жаман болған жоқ»,-деді федерация президенті.

Сондай-ақ Құлыбаев боксшыларымыздың Әлем біріншіліктеріндегі сәтсіз ойындарына ерекше назар аударды. Оның атап өткеніндей, атқарушы комитет аталған мәселені жіті талдап, сәтсіздіктің себептерін анықтауға назар аударуы тиіс. Себебі алда боксшыларымыз үшін 2012 жылғы Олимпиада қарсаңында іріктеу сыны болып табылатын маңызды турнирлер — Азия чемпионаты мен Әлем біріншілігі күтіп тұр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера