Шымкент қаласында 18-25 наурыз аралығында өткен төртінші турда Александр Перегуда жаттықтыратын Ақ Жайық волейболшылары алаң иелері «ОҚМУ-Қазығұрт», сондай-ақ «ЦСКА-Алматы», «Есіл-Виктория» (Петропавл), «Атырау-2» командаларын ұтқанымен, «Ұшқын-Искра» (Астана), «Ертіс» (Павлодар), «КазНАУдан» (Алматы) жеңіліп қалды.
Төрт турдан кейін «ОҚМУ-Қазығұрт» командасы 71 ұпаймен жекедара көш бастап келеді. Астананың «Ұшқыны» 57 ұпаймен үшінші орында.
Қорытынды, бесінші турдың ойындары 13-20 сәуір аралығында Оралда өтеді.