Дәулет Тұрлыхановтың турнирінде қызылордалық жасөспірімдер 2 алтын медаль жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дәулет Тұрлыхановтың турнирінде қызылордалық жасөспірімдер 2 алтын медаль жеңіп алды

Дәулет Тұрлыхановтың турнирінде қызылордалық жасөспірімдер 2 алтын медаль жеңіп алды

Алматы қаласында грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында даңқты балуан Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесіне арналған Қазақстан Республикасының чемпионатында қызылордалықтар табысты өнер көрсетті.

  • 30 Наурыз 2011
  • 577
Фото - Caravan.kz

Оған Астана, Алматы қалаларынан және облыс орталықтарынан 229 спортшы қатысты. Жарыс осымен он екінші мәрте ұйымдастырылып отыр.

Қызылорда облысының спортшылары 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медальды иеленді. Атап айтсақ, Ерсайын Сайфулин ( 85 келі, №1ОМБЖОРМ) пен Дінмұхаммед Дүкенбаев (69 келі, Ж.Баһадүр атындағы спорт интернат) — бірінші, Мейірман Әлизақ (50 келі, Қазалы БЖСМ) — екінші, Еркебұлан Әлиев (100 келі, №1ОМБЖОРМ) үшінші тұғырларға орналасты.

Спортшыларды жарысқа Самат Мәкеналиев, Ғабиден Райымбек, Қанат Көбегенов дайындады.

Енді спортшылар сәуір айында Шымкент қаласына оқу-жаттығу жиынына барады.

Одан кейін тамыз айында Венгрияның Сомбатхей қаласында өтетін әлем чемпионатына және шілде айының соңында Таиландтың Бангкок қаласына өтетін Азия чемпионатында бақ сынайтын бо­лады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера