Қызылордалықтар Германияда өткен халықаралық турнирден үш медаль еншілеп қайтты - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордалықтар Германияда өткен халықаралық турнирден үш медаль еншілеп қайтты

Қызылордалықтар Германияда өткен халықаралық турнирден үш медаль еншілеп қайтты

Германияның Бремен қаласында дзюдодан 1995-1996 жылдарғы жасөспірімдер арасында өткен халықаралық турнирге қатысқан қызылордалық балғын шеберлер табыс биігінен көрінді. Оған 25 мемлекеттен 1100 спортшы қатысты.

  • 30 Наурыз 2011
  • 460
Фото - Caravan.kz

Сыр өңірінен жарысқа қатысқан 6 спортшының үшеуі жүлдемен оралды. Атап айтқанда, 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль қоржынға түсті. 50 келі салмақта Бекбол Асанханов (№1 ОМБЖОРМ) чемпион атанды. 90 келі салмақта Еламан Ерғалиев (Қармақшы) екінші орын, ал 46 келі салмақта Бауыржан Жауынтаев (Ж.Баһадүр атындағы спорт интернат) үшінші орынды иеленді.

Жарысқа спортшыларды Жанарбек Сансызбаев, Дархан Әлмаханов, Қален Қалиұлы дайындады.

Енді спортшылар алдағы уақытта тамыз айында Украинаның Киев қаласында өтетін Әлем чемпионатына және қазан айында Сирияның Дамаск қаласында өтетін Азия чемпионатына дайындалуда.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера