Таэквон-додан «Тараз кубогы - 2011» турнирі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таэквон-додан «Тараз кубогы - 2011» турнирі өтеді

Таэквон-додан «Тараз кубогы - 2011» турнирі өтеді

Таразда 9-10 сәуір күндері «Динамо» спорт кешенінде таэквон-додан дәстүрлі «Тараз кубогы - 2011» турнирі өтеді.

  • 4 Сәуiр 2011
  • 532
Фото - Caravan.kz


Спорт бәсекесін Жамбыл облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы, ҚР Таэквон-до ITF федерациясы және федерацияның облыстық филиалы мен «Ника» балалар мен жасөспірімдердің спорт клубы бірігіп ұйымдастырып отыр. Мақсат — салауатты өмір салтын насихаттау, спортты насихаттау және спортшылардың шеберлік деңгейін көтеру. 8 сәуірде спортшылар аккредитациядан өткізіліп, салмақтары өлшенеді. Ал келесі күні тульдан жекелей, командалық және өзін-өзі қорғаудан, сондай-ақ массогиден сайысқа түседі. Ал келесі күні массогиден жекелей және командалық ақтық сайыстар мен арнайы техника көрсету сыны болады. Былтыр бұл турнир 3-4 сәуірде өткен еді.