Астаналық велошабандоздар Басков елдері турына қатысуда - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астаналық велошабандоздар Басков елдері турына қатысуда

Астаналық велошабандоздар Басков елдері турына қатысуда

Бүгін Испанияда велоспорттан Басков елдері туры басталды.

  • 4 Сәуiр 2011
  • 557
Фото - Caravan.kz

Бұл дүбірлі дода 9 сәуірге дейін созылады. Онда қазақстандық кәсіпқой «Астана» велоклубының намысын отандастарымыздан Александр Винокуров пен Роман Киреев және италияндық Энрико Гаспаротто, швециялық Фредрик Кесьякоф, испандық Жозеф Жуфре қорғамақ.

Астаналық велошабандоздар бұған дейін 3 сәуірде Бельгияда Фландрии турына қатысқан болатын. Онда клуб намысын қорғаған 8 спортшының арасынан ең жоғары нәтижеге литвалық Томаш Вайткуш қана қол жеткізді. Ол 256,8 шақырымдық жарыс жолында мәре сызығын 35-ші боп кесіп өтті. Томаш енді Андрей Гривко, Максим Иглинский, Максим Говров сияқты командалас серіктерімен 10-сәуір күні Франциядағы Париж-Рубэ жарысына қатыспақ.