Мароккода теннистен жүлде қоры 450 мың еуроны құрайтын Grand Prix Hassan II турнирі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мароккода теннистен жүлде қоры 450 мың еуроны құрайтын Grand Prix Hassan II турнирі басталды

Мароккода теннистен жүлде қоры 450 мың еуроны құрайтын Grand Prix Hassan II турнирі басталды

Бүгін Мароккодағы Касабланкеде теннистен ATP Tour «250» дәрежесіндегі Grand Prix Hassan II турнирі басталды. Жүлде қоры 450 мың еуроны құрайтын бұл байрақты бәсеке 10 сәуірге дейін созылады.

  • 5 Сәуiр 2011
  • 394
Фото - Caravan.kz

Онда ел намысын қорғайтын Андрей Голубев испан Альберт Монтаньес, француз Жюльен Бенето кипрлік Маркос Багдатиспен бірге жарысты бірден екінші кезеңнен бастамақ. Онда Андрей испандық Пере Рива мен нидерландиялық Жессе Галунг Хута арасындағы сайыстың жеңімпазымен кездеседі.

Әлемдік рейтингте қазір Альберт Монтаньес 22-ші, Маркос Багдатис 24-ші, Андрей Голубев 37-ші сатыда тұр. Жалпы бұл турнирде негізгі кестедегі спортшылар арасында бірде-бір ресейлік теннисші жоқ. Онда 2-кезеңнен өткендер өздерінің ұпай қорын 20-ға ұлғайтса, ширек финалдағылар — 45, жартылай финалдағылар — 90, ақтық финалдағы — 150, ал жеңімпаз — 250 ұпайға ие болады. Жеңімпаз 72 600, одан кейінгілер 38 200, 20 700, 11 800 және 6 940 еуродан алады. Сондай-ақ бірінші кезеңге өткендер ешқандай ұпай алмаса да 4 120 еуродан иеленеді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера