Талдықорғанның «Жетісу» және Ақтөбенің «Ақтөбе» командалары тиісінше турнир кестесінің 1-ші және 2-ші орындарына жайғасып, көш бастады.
Бесінші турда «Жетісу» сырт алаңда «Таразды» 1:0 есебімен жеңді. Ал «Ақтөбе» болса Шымкенттің «Ордабасы» клубын қабылдап, 2:1 есебімен басым түсті. 3-ші және 4-ші орындарда Қарағандының «Шахтер» және Астананың «Локомотив» командалары тұр. Бесінші турда бұл командалар Қарағандыда өзара кездесіп, 0:0 есебімен тең тарқасты. Бұл турдағы қалған кездесулердің нәтижелері мынадай: «Қайсар»-«Атырау» 1:0, ««Восток»-«Тобыл» 2:2, «Қайрат»-«Ертіс» 1:3.